
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына
кандидат ретінде тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 10 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді:
Қали Абзал Нұржанұлы – 2023 жылғы 3 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1987 жылы туылған, қазақ, «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ операторы, Қызылорда қаласында тұрады, партия мүшелігінде жоқ.
Сыздыков Бахтияр Нурдилдаевич – 2023 жылғы 5 ақпанда «Ауыл» ХДПП» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған, 1984 жылы туылған, қазақ, «Шалкия доломит оперейтинг» ЖШС директор кеңесшісі, Қызылорда қаласында тұрады, «Ауыл» ХДПП» мүшесі.
Рахметов Алмат Жанабаевич – 2023 жылғы 5 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда қалалық филиалы ұсынған, 1986 жылы туылған, қазақ, «Байқоңыр газ» ЖШС директоры, Қызылорда қаласында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.