
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалуына байланысты ағымдағы жылдың 20 қаңтары күні округтік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларын оқыту семинары өткізілді.
Семинарды ашып, жүргізген қалалық сайлау комиссиясының хатшысы К. Нәсібеков саяси науқан кезеңіндегі бірқатар мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.