
2022 жылдың 1 шілдесіне қала бюджетінің атқарылуы туралы
Кірістер бойынша:
2022 жылдың 1 шілдесіне Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі жалпы 103,2% (болжам 24 769,3 млн. теңге, нақты түскені 25 551,8 млн. теңге), оның ішінде қаланың өз кірістері 113,8% орындалған (болжам 6 418,1 млн. теңге, орындалғаны 7 302,8 млн. теңге) 884,7 млн. теңге артығымен түскен.
Жоғарғы бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен субвенция 100% түскен.
Шығындар бойынша:
2022 жылдың 1 шілдесіне қала бюджетінің бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындары 100% орындалды (24 769,3 млн. теңге жоспардың атқарылуы 24 765,5 млн. теңге). Игерілмеген қаржы – 3,7 млн. теңге.
- Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер 100% игерілді (жоспар 4 200,6 млн.теңге, игерілгені 4 200,3 млн.теңге).
- Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 100% игерілді (жоспар 3515,9 млн.теңге, игерілуі 3515,3 млн.теңге).
- Қалалық бюджет 100% пайызға игерілді (жоспар 17 052,8 млн.теңге, игерілуі 17 049,9 млн.теңге).