
Қаулы жобасын әзірлеуші орган Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және «Ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына 2022 жылғы 8 қарашада орналастырылды.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталындағы сілтеме: