Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы II-тоқсандағы жұмысы туралы

«Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің үстіміздегі жылғы бюджеті 21 723,0 млн. теңгені құрап отыр. Оның ішінде республикалық бюджеттен 3 442,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 11 956,0 млн. теңге және қалалық бюджеттен
6 325,0 млн. теңгені құрайды.

Қаламыздың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында барлығы 10 439,0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 380,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 6 522,0 млн. теңге және қалалық бюджеттен 3 537,0 млн. теңге. Атап айтқанда,

«Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылының бойында «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автожол көпір құрылысын салу үшін бюджеттен 143,0 млн. теңге, Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылына дейін жол құрылысына 385,0 млн. теңге және Жаппасбай батыр, Яссауи, Көшербаев көшелерінің қайта жаңғырту жұмыстарына 4 931,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (Мердігер мекемелер: «Сервис НС» ЖШС, «УАД» ЖШС, «Қыран» ЖШС).

Қала аумағындағы ұзындығы 53 шақырымды құрайтын
50 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарына 4 521,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Анықтама ретінде: (Асфальт)

- Ш.Есенов, Т.Әубәкіров, А.Иманов, Төреқұлов, Әйтеке би көшелерін орташа жөндеу - 672,4 млн. теңге (6,3 км);

- С.Торайғыров, Донской, Сүтемгенов, Артемов, Б.Қайыпұлы көшелерін орташа жөндеу - 448,4 млн. теңге (4 км);

- Лапин, Бөріқұлақов, Дүйсенов, Ш.Құдайбердіұлы көшесілері мен Бейбітшілік тұйығын орташа жөндеу - 784,5 млн. теңге (8 км);

- Тайманов, Дәстүр, Жанкент, Қыдыров көшелері мен Қайнарбаев тұйығын орташа жол жөндеу – 655,4 млн. теңге (6,9 км);

- Қасымхан, Хорасан ата, Бисариев, Керейтбаев, Б.Уалиев көшелерін орташа жөндеу – 381,8 млн. теңге (6,9 км);

- Қазақстан, Кенесары, Қызылорда, Майлин, С.Мұқанов көшелерін орташа жөндеу – 929,8 млн. теңге (10,2 км);

- Жанқожа батыр, Пушкин, Толыбеков, Нұрмақов, Берденов көшелерін орташа жөндеу - 511,6 млн. теңге (3,8 км).

Анықтама ретінде: (Қиыршық тас)

- Алтын Орда көшесінен Нұрекешов көшесіне дейін -175 метр;

- Саламатов тұйығы (көпір асты)- 130 метр;

- Сералиев тұйығы 125 метр;

- 2-ші Қаржаубаев тұйығы 135 метр;

- Арай-6 көшесі 135 метр;

- Арай-3 көшесі 250 метр;

- А. Тайманов көшесі 190 метр;

- Бәйтерек-36 көшесі 645 метр;

- Орынбор көшесі 190 метр;

- Байтерек көшесі 210 метр;

- Тараз көшесі 700 метр;

- Сол жағалау №45 тұрғын үйге кіре-беріс жол 70 метр;

- Сол жағалау №40 тұрғын үйге кіре-беріс жол 105 метр;

- Сол жағалау №53 тұрғын үйге кіре-беріс жол 105 метр;

- Қайнар көшесі 790 метр;

Қала көшелеріне ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық бюджеттен 108,0 млн. теңге бөлініп, мердігер мекеме «Құрылыс Бизнес и К» ЖШС-і тиісті жұмыстарын жүргізуде.

Үстіміздегі жылы қала көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық күйдегі үлесі былтырғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға артып, 84 пайызды құрап отыр.

Көшелерді жарықтандыру

Қала көшелерін жарықтандыру үшін барлығы 1 282,0 млн. теңге бөлініп қаладағы 54 көшеге жарық бағаналарын орнату  жұмыстары жүргізілуде. («Энерго Мера» ЖШС, «Энергиянұр» ЖШС, «Айсұлтан Компания» ЖШС)

Қала көшелерін және көпқабатты тұрғын үйлер аулаларын абаттандыру жұмыстарына барлығы 5 109,0 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде облыстық бюджеттен 4 380,0 млн. теңге және қалалық бюджеттің үлесі 729,0 млн. теңгені құрайды.
Атап айтқанда:

Қала аумағындағы ұзындығы 56,4 шақырым болатын
40 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін 1 844,0 млн. теңге және қалаға қарасты Тасбөгет, Белкөл кентінде ұзындығы
6,9 шақырым болатын 7 көшеге, жаяу жүргіншілер жолын салу үшін 134,0 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

 Сонымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи көшесін абаттандыруға облыстық және қалалық бюджеттен 725,0 млн. теңге қаралып мердігер мекеме «Бест Строй Групп Инжиниринг» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде. (Жоба құны: 725 млн. теңге)

Н.Назарбаев даңғылын абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 263,0 млн. теңге бөлініп, мердігер мекеме «Дарен Строй» ЖШС-мен шарт жасалып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қаламыздың орталық алаңын абаттандыру үшін 2,1 млрд. теңге қаралып мердігер мекеме «Техоснастка Ремсервис» ЖШС жұмыстарды жүргізуде. Оның ішінде, меценат Асқар Әубәкіровтың демеушілігімен 1 млрд. теңге және облыстық бюджеттен  
1,1 млрд. теңге
қаралып отыр.

Заманауи дизайнмен жүзеге асырылып жатқан орталық алаң жуық арада пайдалануға беріледі.

Қаладағы 23 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 377,4 млн. теңге бөлініп, мердігер мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. («ДаренСтрой» ЖШС, «Бест Строй Групп» ЖШС)

Қала аумағындағы 25 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ойын алаңдарына қайта жаңғырту үшін бюджеттен
1 062,1 млн. теңге қаралып, мердігер мекеме «Авангард ПГС» және «Азамат Құрылыс» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Анықтама ретінде: (Күрделі жөндеу)

Әйтеке би №5, Төле би №114, 139, Торайғыров №55, Сырдария №19, Титов №28, 30, 31, Мүсірепов №20, Сол жағалау 28.

Анықтама ретінде: (Қайта жаңғырту)

Әбуов к-сі 3 укр. квартал №8, Әйтеке би №36, 38, 42, Ақмешіт №2, 3, Бегім ана №10, 12, 12 А, Титов, Жаңақұрылыс №11, 15, 19, 22, Желтоқсан №104А, Ілясов №18, 31, Қоғалы №1, 2, 3, 5, Қорқыт ата №15, 17, 21, Мерей №4, 6, Пәрімбетов №2, 5, 29, Тоқмағанбетов №1, 22, Толыбеков №14, 45, 53, Өсербаев №15, 17, 17 А, 21.

Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында
10 аялдама орнату үшін қалалық бюджеттен 52,5 млн. теңге бөлініп, мердігер мекеме «Алжир Групп» ЖШС-і аялдамалардың темір конструкцияларын әзірлеуде.

Көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және күрделі жөндеу.

Құрылыс жұмыстары өткен жылы бастау алған қала орталығында орналасқан 12 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 120,8 млн. теңге бөлінді. («Асар» ЖШС, «Даренстрой» ЖШС).

Сондай-ақ, қосымша 20 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарына 805,1 млн. теңге бөлініп, мердігер мекеме «Асар» ЖШС және «Бест Строй Групп» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастауда.

Анықтама ретінде:

12 үй: Д.Қонаев к-сі №24, Абай даңғылы №34, 28 «А», Тоқмағамбетов к-сі №3, 18, 25, А.Байтұрсынов к-сі №44, 42, 40, Қазыбек би к-сі №22, 24, 43.

Қосымша 20 үй: Мерей м/а №1,15,18Б, Ақмешіт м/а №16,17, Д.Қонаев көшесі №24, 3-ірілендірілген квартал №1А, 5, 6, 7, Яншин көшесі №1, М.Әуезов көшесі №1, Қыдыров көшесі №2, Шұғыла м/а №4, 5, 24, Яссауи к-сі №24 «А», 24 «Б», 44, 45.

Тұрғындардың арыз-шағымдарына сәйкес, Қызылорда қаласында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлерге кондоминиум объектісінің ортақ меншіктегі мүліктеріне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша 21 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен
1,9 млрд. теңге бөлінді.

Қазіргі таңда мердігер мекемелер анықталып, жасалған келісім шартты "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінен келісім алу үшін жолданды. Келісім алынғаннан кейін мердігер мекемелер құрылыс жұмыстарын бастайтын болады.

«Халық қатысатын жоба» бағдарламасы аясында қалалық бюджеттен бөлінген 332,0 млн. теңгеге қаладағы аулаларды абаттандыру, ойын алаңдарын салу, аяқ суға арналған лотоктар салу бағытында 11 жоба жүзеге асырылуда.

 

Дата публикации
05 января 2023
Дата обновления
04 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы