Лого

Меню

Страницы

Статья

2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу бөлімі бойынша бюджеттің атқарылуы

Қалалық  мемлекеттік  сатып алу бөлімінің 2022  жылда  атқарған  жұмыстары туралыталдамалық анықтама

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі» КММ-сі қалалық әкімдікке қарастыбарлық бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен кент және ауылдық округ әкімдіктерінің  2022 жылға қаралған қаржыларына сәйкес бірыңғай ұйымдастырушымен (ары қарай – Бөлім)  жалпы сомасы 9 млрд. 203 млн.289 мыңтеңгеден астам қаржыға 490 конкурс жарияланды. Оның ішінде: жұмыстарды сатып алуда - 185, қызметтерді сатып алуда – 169, тауарларды сатып алуда – 136 конкурс жүргізілген.Қазіргі таңда аяқталмаған4 конкурстапсырыс берушілердің өтінімі негізінде қараша айында жарияланды. Себебі, аталған 4 конкурс2023 жылдың өтпелі кезеңіүшін(переходящий)жарияланған жәнесатып алудың жарияланды сатысында.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 17қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу қағидаларына сәйкес 2023 жылға «Негіздемелік келісімдермен пайдаланатын конкурс» тәсілімен 47 сатып алу жүргізілуде.

Сондай-ақ, қала әкімдігіне қарасты бөлімдердің өтінімдері бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен құны 24 млрд. 393 млн.067 мың теңгеге 66 конкурс жүргізілген. Қазіргі таңда оның 55 конкурс аяқталып, қалған 11 конкурс бойынша сатып алу процестері жүруде.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында әлеуетті өнім берушілер тарапынан конкурс қорытындысына келіспей, уәкілетті органға шағымдар түсіріп, нәтижесімен заң бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша 53 хабарламалар, оның ішінде конкурс қорытындысына әсер ететін37 хабарлама, конкурс қорытындысына әсер етпейтін16 хабарлама келген.2021 жылдың қорытындысыменсалыстырғанда Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінен 174 хабарлама келіп, салыстырмалы көрсеткіш 69,5%(пайызға) азайған.

Сондай-ақ, жыл ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасына түсіндірмелер және үлгілік техникалық ерекшелік жобалары сипатындағы қажетті ақпараттарды беру арқылы тапсырыс берушілерге басқарма өкілдерінің қатысуымен тоқсанына 1 реттен 3 семинар – кеңесөткізіліп, тұрақты түрде мемлекеттік сатып алу заңындағы өзгерістер аясында ескертпе хаттар жолдануда.

Жыл басынан бері сотқа 2 талап арыз берілген. Шағым негізінде Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына және ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытынды шешіміне келіспей, сотқа талап арыз жолданды. Нәтижесінде соттың шешімімен 2-уі де қанағаттандырусыз қалдырылды.

Бөлім тарапынан жүргізіліп отырған мониторинг нәтижесінде, барлық бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізілген конкурстары мерзімінде өткізілуде.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1127 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты құқықтық оқытулар өткізу, 2022 жылғы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамадағы өзекті өзгерістерді талқылау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды өткізушілердің жауапкершілігін күшейтуге байланысты сатып алуды дұрыс және тиімді жоспарлау және бұзушылықтардың алдын алуға байланысты жұмыстар жүргізуде.

Дата публикации
06 января 2023
Дата обновления
06 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы