Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың II-тоқсанында ішкі саясат саласында атқарылған жұмыстар туралы

Мемлекеттік ақпараттық саясат бойынша

2024 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бағытында
10 жобаға 110 млн 018 мың теңге бөлінді. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен Қызылорда қаласында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу конкурсы бойынша комиссия отырысының хаттамасына сәйкес 7 газет, 2 телеарна, 2 республикалық интернет порталымен келісім-шарт жасалып, медиа жоспарға сәйкес қаланың оң имиджі бойынша БАҚ беттерінде және телеарналарда 100-ге жуық материал жарияланды.

Қала әкімідігіне қарасты бөлімдер мен кент және ауылдық округ әкімдерінің 2023 жылы атқарылған шаралары және алдағы жылға жоспарлар туралы бұқаралық ақпарат құраладының қатысуымен 20 баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, ақпараттандыру шаралары өтті. 

Анықтама ретінде:

  1. «Qyzylorda» телеарнасы – 26,969 мың тг;
  2. «Qogam TV» телеарнасы – 50,960 мың тг;
  3. «Кызылординские вести» газеті – 5,008 мың тг;
  4. «Халық» газеті – 3,254 мың тг;
  5. «Ақмешіт ақшамы» газеті – 4,118 мың тг;
  6. «Ақмешіт апталығы» газеті – 1,513 мың тг;
  7. «Сыр дидары» газеті – 1,785 мың тг;
  8. «Ұстаз мәртебесі» газеті – 1,792 мың тг;
  9. «Ел тілегі» газеті – 4,938 мың тг;
  10. «Nur.kz» интернет порталы – 3,876,9 тг;
  11. «Инфополис» интернет порталы – 3,799,9 тг.

 

«Open Qyzylorda» жобасы бойынша

Қызылорда қаласының әкімдігі әлеуметтік желілерде қала тұрғындарынан жарияланған түрлі арыз-шағым, өтініш-тілектерге талдау жұмыстарын күнделікті жүргізіп келеді.

Осы бағытта, «Open Qyzylorda» жобасы 2017 жылдың
15 наурызынан бастап жұмыс жасауда.

Биыл қаңтар, ақпан, наурыз айларында – 393 сауал тіркелген. Ең көп арыз-шағымдар коммуналдық салаға бағытталған. Оның ішінде, 182 сауал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі бөліміне бағытталса, 25 сауал тұрғын үй инспекциясы бөліміне, 25 сауал құрылыс бөліміне, 8 сауал әлеуметтік салаға, 3 сауал кәсіпкерлікке, Ақсуат а/о 3 сауал, Қызылжарма а/о 3 сауал, Тасбөгет кентіне 7 сауал, Қалалық электр тораптары басқармасына 7 сауал жолданған. (Сауалдардың 97 пайызы шешімін тапқан, қалғаны алдағы уақытта қаржы мүмкіндігіне қарай шешілетін жұмыстар).

 

 

 

 

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ БОЙЫНША

Есепті мерзімде Қызылорда қаласындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Қала әкімдігіне жыл басынан бері бейбіт митинг өткізу бойынша өтініш түскен жоқ.

ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША

Қызылорда қаласында статистикалық мәліметке сәйкес, 2024 жылға                      350 мың 069 халық болса, оның ішінде 105 мың 321 жас 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. Бұл қала халқының 30,1 пайызын құрайды.

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамытуға 2024 жылы                                                         19 млн. 381 мың теңге қаржы қаралып, бөлінген қаржыға 5 әлеуметтік жоба жарияланды Қазіргі таңда жеңімпаз ұйымдармен жоспар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ақпарат ретінде:

  1. Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығын табыстау – 3,000,0тг;
    2. Қала жастарының қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша үйірме жұмыстарын ұйымдастыру – 3,500,0 тг;
  2. Жастар бастамаларын қолдау және шығармашылық бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру – 8,000,0 тг;
  3. Қала жастары арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау бағытындағы іс-шараларды іске асыру – 2,400,0 тг;
  4. Атаулы мерекелік күндерге бағытталған іс-шараларды өткізу – 2,481,0 тг;

2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша атқарылған шаралар            саны –79, шараларға қамтылған жастар саны – 4638-ке жуық, тұрақты қамтылған жастар саны – 1500, ЖРО мамандарынан  кеңес алған (онлайн/офлайн) жастар саны – 2628, орталық қызметіне жүгінген жастар саны – 1519. Жастардың сұранысына орай орталықта WI-FI, коворкинг орталығы, спорттық секциялар,креатив фото-видео студиясы, би залы, жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетуде.

2024 жылдың 3 айы бойынша БАҚ-та 11 жариялым жарық көрген, @qosyl.mrc инстаграм парақшасында 117 пост жарияланған, 8313 оқырман тіркелген, фейсбук парақшада 143 пост жарияланып отырған, 4442 оқырманы бар.

NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытында атқарылған жұмыстар барысы туралы

Қызылорда қаласы бойынша оқуға, еңбектенуге, ізденуге құлықсыз, саяси және азаматтық белсенділігі аса төмен NEET санатындағы жастардың үлесі           4 587 адамды құрайды. Жастардың дерекқорын анықтау мақсатында 2023 жылдың сәуір айында адрестік, базалық жұмыстар жүргізіліп, «Отбасылық цифрлық карта» базасында 4587 жас өзектендіріліп, 100 пайыз ақпараттары енгізілген болатын.

 

 

 

Соңғы өзектендіру жұмыстары бойынша NEET санатындағы 2628 жастың мәліметтері базаға енгізіліп, 57,29% орындалды. Осы орайда, қалған
1959 жастың ақпараты бойынша шиеленіс картасы дайындалып, адрестік жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша NEET санатындағы 2719 жастың мәліметтері базаға енгізіліп, 59,26% орындалды.

«Отбасылық цифрлық карта» базасын облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ауыстырылуына байланысты жастарды базаға енгізу қиындық тудыруда. Алдағы уақытта жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып ақпаратты толық қамту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Дата публикации
04 января 2023
Дата обновления
03 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Баймаханов Бердібек Жомартұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Ибраев Мұхтар Айшықұлы
23 октября 2026
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидат Шалбол Өркен Санатұлы

Социальные медиа

Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда
Акимат города Кызылорда

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы