
Соңғы кездері Қызылорда қаласы бойынша ұялы байланыс операторларының ұялы байланыс қызметтерінің сапасына теріс әсер ететін интерференцияларға (радиокедергілерге) шағымдар жиі келіп түсуде.
Өткізілген зерделеу нәтижелері бойынша радиокедергілер көздерінің бірі тұрғындар орнатқан ұялы байланыс сигналын күшейткіштер - ретрансляторлар (ұялы байланыс күшейткіштері) болып табылатыны анықталды.
Өз кезегінде аталған Ретрансляторлар ұялы байланыс базалық станцияларының радиожиілік жағдайына әсер етеді, оператордың жиіліктеріне кедергі келтіреді, басқа пайдаланушылар үшін байланыс сигналын блоктайды, жедел қызметтерге (101, 102, 103, 104) хабарласуға қиындықтар туындатады және мобильді интернеттің сапасына теріс әсер етеді.
Осыған сәйкес ұялы байланыс күшейткіштері сапалы байланыстың негізгі кедергілерінің бірі болып табылады. Жоғарыдағының негізінде қала тұрғындарынан аталған ұялы байланыс күшейткіштерін пайдаланудан бас тартуды сұраймыз.