
Ақжарма ауылдық округі әкімін сайлауда дауыс беру а.ж. 18 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.
Ақжарма сайлау округі бойынша әкім лауазымына 5 кандидат ұсынылған, барлық кандидаттар өзін-өзі ұсынғандар.
2 кандидат тіркеуден бас тартылды: 1 кандидат – өз өтінішіне сәйкес; 1 кандидат – мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты. Осылайша, сайлауға қатысатын кандидаттар саны - 3.
Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Ауылдық округ әкімін сайлауды ұйымдастырып, өткізуге 2 сайлау учаскесі (№228, №229 СУ), учаскелік сайлау комиссияларының 12 мүшесі және аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесі тартылған.
Тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 1301 адамды құрайды.
Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:
Тіркелген 3 кандидат: 2 – мемлекеттік қызметшілер, 1 – бюджеттік сала қызметкері.
Кандидаттардың барлығы – ер адамдар.
Кандидаттардың ешбірінің ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.
Мамандықтар бөлінісі бойынша: инженер – 1 (33,33%), экономист – 1 (33,33%), тарих, құқық және экономика негіздері – 1 (33,33%).
Кандидаттардың орта жасы - 42, ең жасы – 37 жаста, егделісі – 46 жаста.
Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ.
Сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттар, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.
Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.