Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы
- Ағымдағы жылдың 07 желтоқсан күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Ақжарма ауылдық округі әкіміне ұсынылған 3 кандидат тіркелді, оның ішінде барлық кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
- Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 1 кандидат және тіркеуге дейін өз өтінішіне сәйкес 1 кандидат тіркеуден бас тартылды.
- Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына барлық кандидаттың құжаттары жолданды.
- Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетеніне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарламалар жергілікті баспасөз БАҚ–нда және АСК интернет-парақшасында орналастырылған.
- Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына арыз-шағымдар түскен жоқ.
Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидаттар
Әбдіреев Сәттар Бейбітұлы
Жусупов Аскар Орманбекович
Калыбеков Фазыл Туремуратович