
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының 9 тармағына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 07 желтоқсандағы шешімімен 2022 жылғы 18 желтоқсанға тағайындалған сайлауда Ақжарма ауылдық округі әкіміне 1 кандидат тіркелді.
Калыбеков Фазыл Туремуратови – 1985 жылы туған, қазақ, «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.