
2022 жылғы 29 қарашада Қызылорда қалалық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, Ақжарма ауылдық округі әкімін сайлау бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2 адам кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2022 жылғы 18 желтоқсанға тағайындалған Ақжарма ауылдық округі әкімін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 19 қараша мен 02 желтоқсан аралығында (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.