Жоба
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызылорда қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы»;
Көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызылорда қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын»;
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызылорда қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы»;
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 1-тармақтың 2-ші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 1-тармақтың 5-ші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегі келесі нормалар бойынша есептеледі:
1) электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;
1 адамға - 70 киловатт;
2 адамға - 140 киловатт;
3 және одан да көп адамға - 210 киловатт;
2) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары пәтерде бір адамға он бес текше метрден аспайды;
3) газ тұтыну нормалары 1 айға:
4 адамға дейін – 27 литр;
4 және одан да көп адамға – 50 литр;
4) тұрғын үйді жылытуға жеке тұрғын үйдің тұтынушылары үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір шаршы метрге он бес текше метрден аспайды;
есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары айына бір шаршы метрге нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 34) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі бекітетін бір шаршы метр үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;
5) отын тұтыну (көмір) жылу беру маусымына:
3 адамға дейін айына - 0,5 тонна;
3 және одан көп адамға айына - 1 тонна;
6) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:
бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;
бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;
7) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;
8) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;
9) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;
10) ағымдағы жарналар бір шаршы метр үшін жүз теңгеден аспайды;
11) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;
12) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.
Коммуналдық қызметтердi есептейтiн құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтiк нормасын есептеу кезiнде есептегiштер көрсеткiштерiндегi нақты шығындар, бiрақ белгiленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады.
Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.
Қызылорда қалалық
мәслихатының төрағасы