«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес 2026 жылғы 19 сәуірде Қызылорда қаласы Белкөл кенті әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2985 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 2122 сайлаушы қатысты. Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Қызылорда қаласы Белкөл кенті әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:
Кандаидат Жүсіпов Асқар Орманбекұлы үшін сайлаушылардың 169 дауысы берілді. Кандаидат Қалыбеков Фазыл Төремұратұлы үшін сайлаушылардың 210 дауысы берілді. Кандаидат Сәду Жасұлан Хабидуллаұлы үшін сайлаушылардың 1670 дауысы берілді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 70.
Сайлау қорытындысымен Қызылорда қаласы Белкөл кенті әкімі болып Сәду Жасұлан Хабидуллаұлы сайланды, 1987 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы Белкөл кентінің әкімі, Қызылорда қаласында тұрады.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы