2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған Қызылөзек ауылдық округі әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 сәуірдегі №73/129 «Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысы негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылөзек ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округ сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, кемінде 18 (он сегіз) қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы қаулы Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Қалалық сайлау

комиссиясының  төрағасы          Ғ. Баймырзаев

 

Қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы           К. Насибеков

 

19.04.2026 жылғы №133 қаулысы

Дата публикации
19 апреля 2026