Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1 тармағына сәйкес және 113–1 бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 17 мамырға тағайындалсын.

2. Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулы «Ақмешіт ақшамы» газетіне жариялансын және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы Ғ. Баймырзаев

 

Қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы К. Насибеков

 

08.04.2026 жылғы №73/129 қаулысы

Дата публикации
08 апреля 2026