2026 жылдың 8 сәуір күні сағат 09:30 Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-1 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлау күнін тағайындау туралы;
- Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізудің күнтізбелік жоспары туралы;
- Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының мүшелері мен сарапшы мамандарды 2026 жылдың 8 сәуір және 17 мамыр аралығындағы мерзімде жұмысқа тарту, еңбек келісімшартын жасау туралы;
- Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы мүшелерінің демалыс және мереке күндердегі кезекшілік кестесін бекіту туралы;
- Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезіндегі полиграфиялық, типографиялық, автокөлік қызметтерін және кеңсе тауарларын сатып алуға кәсіпкерлерді таңдау туралы.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Сол жағалау ықшам ауданы, Ғ. Мұхамеджанов көшесі №5а
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2026 жылдың 8 сәуір күні сағат 9:20 дейін келесі телефон бойынша жүзеге асырылады 8(7242)40-03-08.