Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 686 қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 27 наурыздағы № 01-03/535 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Меншік иелерінен Қызылорда қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі
1900,0 (бір мың тоғыз жүз) шаршы метр жер учаскелерін Президент саябағына автотұрақ құрылысы үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 2 шілде болып белгіленсін.

3. Меншік иелері жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, № 24,
№ 13 кабинет болып белгіленсін.

4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қызылорда қаласы әкімінің

       міндетін атқарушы                                                      Д. Тұрсынбаев

       

Қосымша

№

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының аты-жөні

Жалпы көлемі, шаршы метр

Жер учаскесінің мекенжайы

Нысаналы мақсаты

құқық түрі

1

10-156-087-1870

Нурманова Мирамкул Ержигитовна

1000,0

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, «Еңбек» бау-бақша серіктестігі, 272 учаске

бағбандық үшін

жеке меншік

 

2

10-156-087-1023

Жусупова Майра Ердешқызы

Жусупов Тимур Булатович

 

900,0

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, «Еңбек» бау-бақша серіктестігі, №234 үй

монша және қонақ үй үшін

ортақ бірлескен  меншік

 

 

Барлығы

 

1900,0

 

 

 

Дата публикации
03 апреля 2026