Белкөл кенті әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылған.
Ағымдағы жылдың 29 наурыз күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді, 1 «AMANAT» партиясынан, 2- еуі өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылғандар.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.
Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына 3 кандидаттың құжаттары жолданды.
Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетендеріне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарламалар жергілікті БАҚ–нда және сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған.
Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына өтініштер түскен жоқ.
КАНДИДАТТАР:
Жусупов Аскар Орманбекович – 1978 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Қосшыңырау ауылдық округінде тұрады. Өзін өзі ұсынған.
Калыбеков Фазыл Туремуратович – 1985 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Тасбөгет кентінде тұрады. Өзін өзі ұсынған.
Сәду Жасұлан Хабидуллаұлы – 1987 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласы Белкөл кенті әкімінің аппараты» КММ әкімі, Қызылорда қаласында тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы