Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 29.08.2019 жылғы №252-45/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6904 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
2) Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган - Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырады.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы