№221 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6) тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, №221 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініштері негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №221 учаскелік сайлау комиссиясынан Малгайдарова Галия Кенжебковна, Шайхиева Тамара Абатовна, Раматуллаева Ақмарал Байділдақызы міндеттерінен босатылсын.
  2. Осы қаулының көшірмесі Қызылорда қалалық мәслихатына, №221 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне жариялансын.

 

Қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы  Г. Баймурзаев

 

Қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы  К. Насибеков

 

 

16.03.2026 ж. №124 қаулысы

 

Дата публикации
18 марта 2026