Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағына және 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 11 наурыздағы №66/118 қаулысымен өкілеттік мерзімі аяқталған Белкөл кентінің әкімін сайлау 2026 жылдың 19 сәуіріне тағайындалды.

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 11 наурыздағы №66/118 қаулысымен бекітілген Белкөл кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кент әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылдың 12 наурызында басталады және 2026 жылдың 24 наурызында сағат 18-00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 2026 жылдың 12 наурызында басталады және 2026 жылдың 29 наурызында сағат 18-00-де аяқталады.

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:

120014, Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, №21, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдары» МКҚК ғимараты; байланыс телефоны: 27-37-20, электронды поштасы: tic_kzl@saylau.kz

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының құрамы:

Баймурзаев Галым Конакбаевич – комиссия төрағасы, Муханова Алия Муханбеткалиевна – төраға орынбасары, Насибеков Кенес Эрдибекович – комиссия хатшысы, комиссия мүшелері: Куракбаева Кенжегуль Куракбаевна, Акишева Карлыгаш Дауылбаевна, Мүсілімов Жәнібек Исабекұлы, Жорабек Медет Ерданаұлы.

Қалалық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-19.00, түскі үзіліс: 13.00-15.00

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
11 марта 2026