Белкөл кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1 тармағына сәйкес және 113–1 бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Белкөл кенті әкімінің сайлауы 2026 жылғы 19 сәуірге тағайындалсын.
  2. Белкөл кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы «Ақмешіт ақшамы» газетіне жариялансын және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

Қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы Ғ. Баймырзаев

 

Қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы К. Насибеков

 

11.03.2026 ж. №66/118 қаулысы

Дата публикации
11 марта 2026