«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайлағанға дейін №182 учаскелік референдум комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Ыдырысова Мөлдір Сәкенқызы, №208 учаскелік референдум комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына Ержанова Сауле Мамбетовна тағайындалсын.
- Осы қаулы Қызылорда қалалық мәслихатына және учаскелік референдум комиссияларына жіберілсін.
- Қаулы көшірмесі Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Қалалық референдум
комиссиясының төрағасы Г. Баймурзаев
Қалалық референдум
комиссиясының хатшысы К. Насибеков
03.03.2026 ж. №117 қаулысы