Қызылорда қаласы бойынша №11 округтік сайлау және №182, №208 учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6 тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініштері негізінде Қызылорда қалалық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №11 округтік сайлау комиссиясынан – Ыдырысова Мөлдір Сәкенқызы, №182 учаскелік референдум комиссиясынан – Шуренова Куанышгуль Алтынсариевна, №208 учаскелік референдум комиссиясынан – Омаров Талант Мустафаевич міндеттерінен босатылсын.
  2. Осы қаулының көшірмесі Қызылорда қалалық мәслихатына, учаскелік референдум комиссияларына жолдансын және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне жариялансын.

 

Қалалық референдум

комиссиясының төрағасы                                        Г. Баймурзаев

 

Қалалық референдум

комиссиясының хатшысы                                       К. Насибеков

 

 

03.03.2026 ж. №116 қаулысы

Дата публикации
04 марта 2026