Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-, 29-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабының 3-тармағына сәйкес учаскелік референдум комиссияларының дауыс беру уақытын өзгерту туралы ұсыныстарының негізінде Қызылорда қалалық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін учаскелердің тізбесі бекітілсін:

  • Қызылорда қаласы, Қаратоғай көшесi, № 100, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК №187 референдум учаскесі;
  • Қызылорда қаласы, Әбуов көшесі №29, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Көп бейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК №192 референдум учаскесі;
  • Қызылорда қаласы, Бегім Ана көшесі №15, «Қызылорда теміржол ауруханасы» ЖШС №197 референдум учаскесі;
  • Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы № 72, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Көп бейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК №210 референдум учаскесі;
  • Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі № 60 құрылыс, «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Қызылорда арнаулы әдеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ №216 референдум учаскесі;
  • Қызылорда қаласы, Ғ. Мүсiрепов көшесi № 75, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК №220 референдум учаскесі;
  • Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылдық округi, Баймұрат батыр ауылы, Сарыбай шатқалы № 2 құрылыс, «ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ республикалық лепрозорийі» ММ №230 референдум учаскесі;
  • Қызылорда қаласы, Төле би көшесі №136, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№68 мекемесі» РММ №235 референдум учаскесі;
  • Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Есенов көшесі №19, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК №238 референдум учаскесі;
  • Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі №52, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМҚК №242 референдум учаскесі;
  • Қызылорда қаласы, Талсуат ауылдық округі, Орынбор көшесі №3, «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы» КММ №344 референдум учаскесі;
  • Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі №12, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК №345 референдум учаскесі;
  • Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Амангелді көшесі №5Г, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК №351 референдум учаскесі.
  1. №187, №192, №197, №210, №216, №220, №230, №235, №238, №242, №344, №345, №351 дауыс беру учаскелерінің учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауды дауыс беру аяқталғаннан кейін бастайтын болып белгіленсін.

  2. Осы қаулы облыстық референдум комиссиясына, №187, №192, №197, №210, №216, №220, №230, №235, №238, №242, №344, №345, №351 дауыс беру учаскелерінің учаскелік референдум комиссияларына жіберілсін, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                 Г. Баймурзаев

 

Хатшы                                                                 К. Насибеков

 

 

№65/115 қаулы 25.02.2026 ж.

Дата публикации
26 февраля 2026