2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-, 29-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабының 1-, 3-тармақтарына сәйкес учаскелік референдум комиссияларының дауыс беру уақытын өзгерту туралы ұсыныстарының негізінде Қызылорда қалалық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақыты белгіленсін:

1) Құмкөл кеніш орнындағы «ҚуатАмлонМұнай» бірлескен кәсіпорнының Қоныс-Бектас ауысымдық қыстағында орналасқан №244 дауыс беру учаскесінде 6-00 сағаттан басталып, дауыс беру учаскесіндегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқталуы мүмкін;

2) Құмкөл кеніш орнындағы «АйданМұнай» бірлескен кәсіпорнының ауысымдық қыстағында орналасқан №245 дауыс беру учаскесінде 6-00 сағаттан басталып, дауыс беру учаскесіндегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқталуы мүмкін;

3) Құмкөл кеніш орнындағы «ҚазГерМұнай» бірлескен кәсіпорнының Құмкөл ауысымдық қыстағында орналасқан №246 дауыс беру учаскесінде 6-00 сағаттан басталып, дауыс беру учаскесіндегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқталуы мүмкін;

4) Құмкөл кеніш орнындағы «ПетроҚазахстанҚұмкөлРесорсиз» бірлескен кәсіпорнының ауысымдық қыстағында орналасқан №247 дауыс беру учаскесінде 6-00 сағаттан басталып, дауыс беру учаскесіндегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқталуы мүмкін;

5) Құмкөл кеніш орнындағы «ПетроҚазахстанҚұмкөлРесорсиз» бірлескен кәсіпорынның «Арысқұм» ауысымдық қыстағында орналасқан №248 дауыс беру учаскесінде 6-00 сағаттан басталып, дауыс беру учаскесіндегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқталуы мүмкін;

6) Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округi, Р.Батырбаев көшесi №5, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы №5547 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінде орналасқан №266 дауыс беру учаскесінде 6-00 сағаттан басталып, дауыс беру учаскесіндегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқталуы мүмкін.

  1. №244, №245, №246, №247, №248, №266 дауыс беру учаскелерінің учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауды дауыс беру аяқталғаннан кейін бастайтын болып белгіленсін.

  2. Осы қаулы облыстық референдум комиссиясына, №244, №245, №246, №247, №248, №266 дауыс беру учаскелерінің учаскелік референдум комиссияларына жіберілсін, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                         Г. Баймурзаев

 

Хатшы                                                         К. Насибеков

 

 

 

№65/114 қаулысы 25.02.2026 ж.

Дата публикации
26 февраля 2026