Қызылорда қаласы бойынша №234 және №264 учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6 тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініштері негізінде Қызылорда қалалық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №234 учаскелік референдум комиссиясынан – Жеңіс Айболат Жеңісұлы, №264 учаскелік референдум комиссиясынан – Әшірбек Нұрбек Нұрланұлы, Мутанова Айман Байтилеуовна, Қызылбаева Салтанат Хамитовна міндеттерінен босатылсын.
  2. Осы қаулының көшірмесі Қызылорда қалалық мәслихатына, учаскелік референдум комиссияларына жолдансын және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне жариялансын.

 

Қалалық референдум

комиссиясының төрағасы                                        Г. Баймурзаев

 

Қалалық референдум

комиссиясының хатшысы                                       К. Насибеков

 

 

24.02.2026 ж. №112 қаулысы

Дата публикации
26 февраля 2026