Қызылорда қаласының №234 және №264 учаскелік референдум комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына уақытша тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайлағанға дейін №234 учаскелік референдум комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Байменова Айнур Казиевна, №264 учаскелік референдум комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына Абенов Бахытжан Абенович, Айтмұханбетова Алтыншаш Жұмабекқызы және Ералиева Асия Кожанбергеновна тағайындалсын.
  2. Осы қаулы Қызылорда қалалық мәслихатына және учаскелік референдум комиссияларына жіберілсін.
  3. Қаулы көшірмесі Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Қалалық референдум

комиссиясының төрағасы                                                 Г. Баймурзаев

 

Қалалық референдум

комиссиясының хатшысы                                                 К. Насибеков

 

24.02.2026 ж. №113 қаулысы

Дата публикации
26 февраля 2026