Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 113 қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 374 қаулысына сәйкес, сондай-ақ «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 01-03/1491 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меншік иесі Кемеева Сара Ибрашевнаның жеке меншік құқығындағы Қызылорда қаласы, Иван Журба көшесі,  № 105 А үй мекенжайында орналасқан көлемі 1000,0 (бір мың) шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-012-2911) жер учаскесі мен жылжымайтын мүлкін «Марал Ишан – Қ. Маханбетов – Тәуелсіздікке 25 жыл көшелерін кіре беріс қақпадан Саламатов көшесіне дейін қайта жаңғыртудан өткізу» жобасын жүзеге асыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 21 сәуір болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің  меншік  иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қызылорда қаласының

              әкімі                                                                  Н. Ахатов

Дата публикации
21 января 2026