Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 101 қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 01-03/7 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Меншік иелері Шайманова Ақбаршын Қалдыбекқызының, Шайманова Динара Калдыбековнаның, Шайманова Кулпаршин Калдыбековнаның ортақ үлестік меншік құқығындағы Қызылорда қаласы, Зейнеткер бағбандық серіктестігі, № 26 үй мекенжайында орналасқан көлемі 1031,0 (бір мың отыз бір) шаршы метр бағбандық үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-091-1297) жер учаскесі мен жылжымайтын мүлкін «Тәуелсіздікке 25 жыл» көшесін реконструкциялау» жобасын жүзеге асыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 17 сәуір болып белгіленсін.

3. Меншік иелері жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі,
№ 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.

4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қызылорда қаласының әкімі                                                                      Н. Ахатов

 

Дата публикации
15 января 2026