Қызылорда қаласы бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6) тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініштері негізінде қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қаулы қосымшасында көрсетілген комиссия мүшелері міндеттерінен босатылсын.

2. Осы қаулының көшірмесі Қызылорда қалалық мәслихатына, округтік, учаскелік сайлау комиссияларына жолдансын және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне жариялансын.

 

Қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы           Г. Баймурзаев

 

Қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы          К. Насибеков

 

 

14.01.2026 ж. №104 қаулысы

 

Дата публикации
15 января 2026