«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. №178 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Насибеков Жолдасбек міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулының көшірмесі Қызылорда қалалық мәслихатына және №178 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын.
3. Қаулы көшірмесі Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне жариялансын.
Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Г. Баймурзаев
Қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы К. Насибеков
14.01.2026 ж. №105 қаулысы