2026 жылдың 1 қаңтарына қала бюджетінің атқарылуы туралы

Кірістер бойынша:

2026 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі жалпы 100,3%  (болжам 147 205,9 млн. теңге, нақты түскені 147 661,8 млн. теңге), оның ішінде  қаланың өз кірістері 102,8% орындалған  (болжам 43 586,7 млн. теңге, орындалғаны 44 814,0 млн. теңге), 1 227,3 млн. теңге артығымен түскен. Жоғарғы бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен субвенция 100% түскен.

Шығындар бойынша:  

2026 жылдың 1 қаңтарына қала бюджетінің бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындары 99,9% орындалды (154 205,3 млн. теңге жоспардың атқарылуы 154 097,6 млн. теңге). Игерілмеген қаржы – 107,7 млн. теңге.

- Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер 99,6% игерілді (жоспар 13 329,2 млн.теңге, игерілгені 13 278,3 млн.теңге).

- Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 100% игерілді (жоспар 73 012,4 млн.теңге, игерілуі 72 988,9 млн.теңге).

- Қалалық бюджет 100,0% пайызға игерілді (жоспар 67 863,6 млн.теңге, игерілуі 67 830,4 млн.теңге).

Дата публикации
14 января 2026