Қызылорда қаласының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Ұлттық статистика бюросының облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес, Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 549 253 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 82,8%-ды құрады. Облыстағы үлесі 51,1%.
Мұнай ұңғымаларының сулануы салдарынан шикі мұнай өндіру көлемі 19,4% төмендеген (2024 жылы–2 962,9 мың тонна, 2025 жылы–2 389,3 мың тонна).
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 108 205 млн. теңгеге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,1%-ды құрады. Облыстағы үлесі 26,6%.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 17 076,6 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 100,8%-ды құрады. Облыстағы үлесі 7,3%.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 369 412 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 118,5%-ға артты. Облыстағы үлесі 47,7%. Оның ішінде жеке инвестиция көлемі 236 026 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 111,4%-ға артты.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 182 276 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 111,3%-ға артты. Облыстағы үлесі 49,8%.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 579 586 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 111,3%-ды құрады. Облыстағы үлесі 61,7%.
Қала бюджетінің 2026 жылдың 1 қаңтарға кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 147 205,9 млн. теңгені құрап, 147 661,8 млн. теңгеге немесе 100,3% орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 43 586,7 млн. теңгенің орнына  44 814,0 млн.теңгеге немесе 1 227,3 млн. теңгеге артығымен орындалды. (102,8%)
Қала бюджетінің шығыстар жоспары 154 205,3 млн. теңге болса, 154 097,6 млн. теңгеге немесе 99,9% игерілді. (107,7 млн. теңге қалдық).
Шағын кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 35 881 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 34 419 бірлікті құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 103,9% артты.
Бөлшек сауда көлемі 499 724,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 102,6%-ға артты. Облыстағы үлесі 86,1%. Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 387,6млрд. теңгені құрайтын 34 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда, оның бүгінгі күнге 18 жобасы іске қосылып, жұмыс жасауда.

Іске қосылған жобалар:

1)«Orda Glass LTD» ЖШС-нің «Энергия үнемдейтін шыны өндіру цехы». Құны 6,7 млрд. теңге.
2)«Искаков» жеке кәсіпкерлігінің «Сауда үйі құрылысы». Құны 500 млн.теңге.
3) «Aray Food» ЖШС-нің «Көкөніс сақтау қоймасының құрылысы». Құны 1,2 млрд.теңге.
4) «Көлік-құрылыс компаниясы» ЖШС-нің «металл конструкция өндірісі». Құны 300,0 млн. теңге.
5) «Accent Development Solutions» ЖШС-нің «Жаңа әуежай жолаушылар терминалының құрылысы». Құны 15,7 млрд. теңге. 
6) «Technology Алем Ойл» ЖШС-нің «Жерасты паркингі бар автосалон мен АВТО шеберхана салу» жобасы. Құны 900 млн. теңге.
7)«Орда автодор» ЖШС-нің «Асфальт-бетон өндірісі» жобасы. Құны 1 млрд. теңге.
8)«Қызылорда Саз-М» ЖШС-нің заманауи кірпіш зауытының құрылысы. Құны 5 млрд. теңге.
9) «Orhun Medical» ЖШС-нің радиологиялық диагностика орталығы, құны 2,1 млрд.теңге.
10) «Қаржаубаева» жеке кәсіпкерлігі сауда үйінің құрылысы жобасы. Құны 700 млн. теңге.
11) «Панабек» ЖШС-нің орындықтар мен басқа отыратын жиһаздардан басқа кеңселер мен сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз өндіріс кеңейту жобасы. Құны 200 млн.теңге.
12)«Қызылорда - Нан» ЖШС-нің «Нан-тоқаш, кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені». Құны 1,2 млрд. теңге.
13) «Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің Қызылорда қаласында көтерме-бөлшек саудасы бар мамандандырылған қоймасы жобасы. Құны 4,6 млрд. теңге.
14) «AynaGlass» ЖШС-нің жоғары технологиялы айна шығару жобасы. Құны 1,5 млрд. теңге.
15) ЖК Тұмар – шағын өндірістік алаңы, құны – 526 млн.теңге.
16) "AEG GRAND HALL" ЖК мейрамхана ашу жобасы, құны 1,26 млрд. теңге.
17) «Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің шағын өндірістік алаңы. Құны 526 млн. теңге.
18) «Алтын Орда» ЖШС-нің аз тұзын өндіру зауыты, құны 1,5 млрд. теңге.

Іске асырылу сатысындағы жобалар:

19) «Aksa Energy Qyzylorda» ЖШС-нің Қуаты 250 МВт ЖЭО салу жобасы. Құны 215 млрд. теңге.
20) «Кызылорда НК Курылыс» ЖШС-нің Сүт және сүт өнімдерін өндіретін цех салу жобасы. Құны 2 млрд. теңге.
21) «Medal Holding CmbH» Көпфункционалды инновациялық Индустриалды паркі жобасы. Құны 53,9 млрд. теңге.
22) «With You E&C Kyzylorda» ЖШС-нің қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыты жобасы. Құны 9,5 млрд. теңге.
23) «Комфорт 1КЗ» ЖШС-нің Шыңдалған шыны және табақша шыныны өндіру зауытын кеңейту жобасы. Құны 5,5 млрд. теңге.
24) «Seven Rivers Technologies» ЖШС-нің «HORN® Glass технологиясымен шыны ыдыстар зауыты жобасы. Құны 31,3 млрд. теңге.
25) «Нұрлы Тау» ЖШС-нің Кірпіш зауытының құрылысы жобасы. Құны 4,5 млрд. теңге.
26) «Freedom Telecom Operations» ЖШС-нің қуаттылығы 1,2 МВт құрайтын күн электр станциясы. Құны 150 млн. теңге.
27) "Марал Нұр" ЖШС-нің "Цифрлық депо" жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенін салу жобасы. Құны 3,0 млрд. теңге.
28) «Рем - Пласт Инвест» ЖШС-нің гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндірісі. Құны 559,2 млн. теңге.
29) "Дезинфекция" ЖШС-нің қайталама шикізатты дайын өнімге қайта өңдеу жобасы. Құны 350 млн. теңге.
 30) «Qyzylorda Bitum» ЖШС-нің Қызылорда қаласында жол битумы және асфальт-бетон қоспаларын өндіру зауытының құрылыс жобасы. Құны 800 млн. теңге.
31) "Altyn Gimarat" ЖШС-нің 150 номерлі 5 жұлдызды қонақ үй құрылысы. Құны 10,0 млрд. теңге.
32) «Алаш Метан» ЖШС жол бойы сервис көрсету пунктін салу және пайдалану жобасы, құны 600 млн. теңге.
33) «Абзал и К» ТС күріш ақтау зауыты, құны 1,0 млрд. теңге.
34) «Orhun Medical» ЖШС-нің ПЭТ/КТ орталығы, құны 4,0 млрд.теңге.

2026 жылдың 1 қаңтарға алдын ала деректерге сәйкес халық саны 366,5 мың адамды құрап, өсу қарқыны 1,3%. Жұмыс күшінің саны - 151,3 мың адам, жұмыссыздық деңгейі - 4,5%.
2026 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны -6 603 адамды құрап, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызды құрады.
Жыл басынан бері 12 431 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 7 291-ы тұрақты жұмыс орны. 2 923 адам қоғамдық жұмысқа, 100 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 1 224 жас маман жолданды.
Қала бойынша 2025 жылғы IIІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 382 883 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 109,6  артты, нақты жалақы индексі 98,9 % болып қалыптасты.
Тұтыну бағасының индексі қаңтар-желтоқсан айларында өткен жылғы тиісті кезеңге 110,5%. 2025 жылға жоспарланған инфляция деңгейі 10,0 – 11,0%.

Дата публикации
14 января 2026