Ұлттық статистика бюросының облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес, Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 351 647 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 81,9%-ды құрады. Облыстағы үлесі 50,8%.
Мұнай ұңғымаларының сулануы салдарынан шикі мұнай өндіру көлемі 20,8% төмендеген (2024 жылы 8 ай – 2 023,1 мың тонна, 2025 жылы 8 ай – 1 602,6 мың тонна).
Өңдеуші өнеркәсіп саласында 64 602 млн. теңгеге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,2%-ға артты. Облыстағы үлесі 25,3%.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 4 681,2 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 100,6%-ға артты. Облыстағы үлесі 7,0%.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 204 738 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 114,4%-ға артты. Облыстағы үлесі 50,2%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 89 942 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 151,4%-ға артты. Облыстағы үлесі 54,8%.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 348 306 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,0%-ды құрады. Облыстағы үлесі 61,7%.
Қала бюджетінің 2025 жылдың 1 қыркүйегіне кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 75 004,5 млн. теңгені құрап, 79 586,7 млн. теңгеге немесе 106,1% орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 25 102,2 млн. теңгенің орнына 29 706,5 млн.теңгеге немесе 4 604,3 млн. теңгеге артығымен орындалды. (118,3%)
Қала бюджетінің шығыстар жоспары 75 832,5 млн. теңге болса, 75 759,5 млн. теңгеге немесе 99,9% игерілді. (73,0 млн. теңге қалдық).
Шағын кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 36 162 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 34 590 бірлікті құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 106,5% құрады.
Бөлшек сауда көлемі 310 277,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 102,1%-ға артты. Облыстағы үлесі 87,5%. Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 379,3 млрд. теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда, оның бүгінгі күнге 11 жобасы іске қосылып, жұмыс жасауда.
Іске қосылған жобалар:
1)«Orda Glass LTD» ЖШС-нің «Энергия үнемдейтін шыны өндіру цехы». Құны 6,7 млрд. теңге.
2)«Искаков» жеке кәсіпкерлігінің «Сауда үйі құрылысы». Құны 500 млн.теңге.
3) «Aray Food» ЖШС-нің «Көкөніс сақтау қоймасының құрылысы». Құны 1,2 млрд.теңге.
4) «Көлік-құрылыс компаниясы» ЖШС-нің «металл конструкция өндірісі». Құны 300,0 млн. теңге.
5) «Accent Development Solutions» ЖШС-нің «Жаңа әуежай жолаушылар терминалының құрылысы». Құны 15,7 млрд. теңге.
6) «Technology Алем Ойл» ЖШС-нің «Жерасты паркингі бар автосалон мен АВТО шеберхана салу» жобасы. Құны 900 млн. теңге.
7)«Орда автодор» ЖШС-нің «Асфальт-бетон өндірісі» жобасы. Құны 1 млрд. теңге
8)«Қызылорда Саз-М» ЖШС-нің заманауи кірпіш зауытының құрылысы. Құны 5 млрд. теңге.
9) «Orhun Medical» ЖШС-нің радиологиялықдиагностика орталығы, құны 2,1 млрд.теңге.
10) «Қаржаубаева» жеке кәсіпкерлігі сауда үйінің құрылысы жобасы. Құны 700 млн. теңге.
11) «Панабек» ЖШС-нің орындықтар мен басқа отыратын жиһаздардан басқа кеңселер мен сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз өндіріс кеңейту жобасы. Құны 200 млн.теңге.
Іске асырылу сатысындағы жобалар:
12)«Қызылорда - Нан» ЖШС-нің «Нан-тоқаш, кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені». Құны 1,2 млрд. теңге.
13) «Aksa Energy Qyzylorda» ЖШС-нің Қуаты 250 МВт ЖЭО салу жобасы. Құны 215 млрд. теңге.
14) «Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің Қызылорда қаласында көтерме-бөлшек саудасы бар мамандандырылған қоймасы жобасы. Құны 4,6 млрд. теңге.
15) «Кызылорда НК Курылыс» ЖШС-нің Сүт және сүт өнімдерін өндіретін цех салу жобасы. Құны 2 млрд. теңге.
16) «AynaGlass» ЖШС-нің жоғары технологиялы айна шығару жобасы. Құны 1,5 млрд. теңге.
17) «Medal Holding CmbH» Көпфункционалды инновациялық Индустриалды паркі жобасы. Құны 53,9 млрд. теңге.
18) «With You E&C Kyzylorda» ЖШС-нің қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыты жобасы. Құны 9,5 млрд. теңге.
19) «Комфорт 1КЗ» ЖШС-нің Шыңдалған шыны және табақша шыныны өндіру зауытын кеңейту жобасы. Құны 5,5 млрд. теңге.
20) «Seven Rivers Technologies» ЖШС-нің «HORN® Glass технологиясымен шыны ыдыстар зауыты жобасы. Құны 31,3 млрд. теңге.
21) «Нұрлы Тау» ЖШС-нің Кірпіш зауытының құрылысы жобасы. Құны 4,5 млрд. теңге.
22) «Freedom Telecom Operations» ЖШС-нің қуаттылығы 1,2 МВт құрайтын күн электр станциясы. Құны 150 млн. теңге.
23)"Марал Нұр" ЖШС-нің "Цифрлық депо" жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенін салу жобасы. Құны 3,0 млрд. теңге.
24) «Рем - Пласт Инвест» ЖШС-нің гофрлеу және картонның тегіс қабаты үшін қағаз өндірісі. Құны 559,2 млн. теңге.
25) «Техоснастка Ремсервис» ЖШС-нің шағын өндірістік алаңы. Құны 526 млн. теңге.
25) ЖК Тұмар – шағын өндірістік алаңы, құны – 526 млн.теңге.
26) "Дезинфекция" ЖШС-нің қайталама шикізатты дайын өнімге қайта өңдеу жобасы. Құны 350 млн. теңге.
27)«Qyzylorda Bitum» ЖШС-нің Қызылорда қаласында жол битумы және асфальт-бетон қоспаларын өндіру зауытының құрылыс жобасы. Құны 800 млн. теңге.
29)"Altyn Gimarat" ЖШС-нің 150 номерлі 5 жұлдызды қонақ үй құрылысы. Құны 10,0 млрд. теңге.
2025 жылдың 1 тамызына алдын ала деректерге сәйкес халық саны 365,0 мың адамды құрап, өсу қарқыны 1,4%. Жұмыс күшінің саны - 151,3 мың адам, жұмыссыздық деңгейі - 4,5%.
2025 жылдың 1 қыркүйегіне тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны -6861 адамды құрап, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрады.
Жыл басынан бері 6 267 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 1877-ы тұрақты жұмыс орны. 2 841 адам қоғамдық жұмысқа, 96 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 693 жас маман жолданды.
Қала бойынша 2025 жылғы II тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 402 129 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 111,5% артты, нақты жалақы индексі 101,0% болып қалыптасты.
Тұтыну бағасының индексі қаңтар-тамыз өткен жылғы тиісті кезеңге 109,9%. 2025 жылға жоспарланған инфляция деңгейі 10,5 – 12,5%.