Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубын құру туралы

         Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 28 шілдедегі №18 хаттамалық тапсырмасына және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 тамыздағы №42/75 қаулысына сәйкес, Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының «Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының регламентіне өзгеріс енгізу туралы» қаулысы негізінде қалалық сайлау комиссиясы жанынан Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі - Клуб) құрылсын.

2. Клубтың құрамын қалыптастыруды және жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы тобы жасақталсын.

3. Клубтың Ережесі бекітілсін.

4. Осы қаулы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

 

Төраға                                                           Г.Баймурзаев

Хатшы                                                          К.Насибеков

        

 

 

 

 

 

 

2025 жылғы 5 тамыздағы

№43/76 қаулы

 

Дата публикации
08 января 2026