«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қызылорда қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі ісшараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 1361 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30962 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбындағы және 1-тармағының мәтініндегі «қасбеттерін, шатырларын» деген сөздер «сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі Н. Ахатов