1.Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәлімет:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес қала әкімдігіне қарасты 6 дербес бөлімдер және 9 кент/ауылдық округ әкімі аппараттарымен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары 53 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары 53 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетілді.
2024 жылдың көлемінде қалада 82 мың 911 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- 58 мың 203 қызмет қызмет қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
- 23 мың 145 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
- 1563 қызмет қызмет тікелей дербес бөлімдердің кеңселері арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілді.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Есепті кезеңдегі неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – халықты әлеуметті қорғау және сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтер, атап айтқанда:
- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» қызметі бойынша 28 мың 623 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» қызметі бойынша
14 мың 703 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметі бойынша 8 мың 396 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызмет көрсетуші мекемелер ғимараттарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ережелері мен Қағидалары, сондай-ақ өтініш үлгілері көрнекі жерлерінде мемлекеттік және ресми тілдерінде ілінген.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер туралы 18 мақала, сондай-ақ қала әкімдігінің интернет ресурсы мен ресми парақшаларында 154 материал және
13 бейнеролик жарияланды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарындағы «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімдерінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік органның қызметі туралы жыл сайынғы есептер, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері, мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
2023 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметтің есебіне жүргізілген жария талқылау нәтижесінің қорытындысы «Жария талқылау нәтижесінің қорытындысы» сілтемесінде орналасқан.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Қалалық дербес бөлімдер мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арасындағы жұмыс процессін жандандыру мақсатында 8 семинар ұйымдастырылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастамасыменқала тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, сондай-ақ электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында онлайн форматта -
3 жәрмеңке (дене тәрбиесі, спорт және туризм, тұрғын үй инспекциясы, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдерімен) өткізілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы аясында қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімімен халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында мемлекеттік қызметтерді алу бойынша консультациялық кеңестер берілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығының 17-қосымшасында «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі автоматтандырылып, азаматтарға аталған қызметті электрондық портал арқылы алу мүмкіндігі берілді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың біліктілігін арттыру мақсатында электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердіңмониторингі бөлімімен (мекеме басшылары мен жауапты қызметкерлердің қатысуымен) 18 аппараттық оқу ұйымдастырылды (2023 жылдың есептік кезеңінде 15 аппараттық оқу жүргізілген).
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың біліктілігін арттыру мақсатында электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердіңмониторингі бөлімімен (мекеме басшылары мен жауапты қызметкерлердің қатысуымен) 18 аппараттық оқу ұйымдастырылды (2023 жылдың есептік кезеңінде 15 аппараттық оқу жүргізілген).
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы қала әкімдігіне мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2024 жылғы 30 қарашадағы №40 бұйрығымен бекітілген ішкі бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес есептік кезеңдеқалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй инспекциясы сәулет және қала құрылысы, дене тәрбиесі, спорт және туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде, сондай-ақ Белкөл кенті, Қарауылтөбе, Талсуат, Ақжарма, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек ауылдық округі әкімінің аппараттарында талдау жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес 55 Заң бұзушылық фактісі орын алған.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен сыртқы талдау жүргізіліп, нәтижесімен қалалық жер қатынастары бөлімінде 59 Заң бұзушылық және облыс әкімі аппаратымен Ақсуат және Тасбөгет кенті әкімі аппараттарында жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде 11 Заң бұзушылық (мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзге де талаптарын бұзу себебімен) орын алған.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасы аясында жыл сайынғы негізде жүргізілетін қоғамдық мониторинг барысында облыстың 738 респондентінен 12 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша алынған пікір нәтижесімен Қызылорда облысы тұрғындарының қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 76,0% құрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру
- мерзім бұзушылықтарды болдырмау және мемлекеттік қызметтерді көрсетуде заңнамалар, нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау, заң бұзушылықтарға жол берілмеуін қатаң қадағалау;
- мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкерлерге мемлекеттік қызметтер көрсетуді реттейтін нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндірмелер жүргізу;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- «электрондық үкімет» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру;
- бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы тұрғындарға электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алудың ыңғайлығын насихаттайтын ақпараттар орналастыру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қы+зметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.