«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9-тармақшасы, 45, 46, 112-баптарына сәйкес және 2025 жылғы 26 қазанда өткізілген Қызылорда қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың қорытындысы негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының сегізінші шақырылым депутаты ретінде №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Нарбаев Еркебулан Еликбаевич тіркелсін.
2. Депутатты тіркеу туралы хабар Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
3. Тіркелген депутатқа депутат куәлігі және төсбелгі табыс етілсін.
Төраға Г. Баймурзаев
Хатшы К. Насибеков
28.10.2025 ж. №99 қаулысы