«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9, 14, 44 және 111-баптарына сәйкес №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланатын Қызылорда қалалық мәслихатының депутатын сайлау нәтижелері туралы округтік сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті деп танылсын.
2. Нарбаев Еркебулан Еликбаевич Қызылорда қалалық мәслихатының №21 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутаты болып есептелсін.
3. Қызылорда қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына 2025 жылғы 26 қазанда өткен сайлаудың қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабарды жариялау үшін «Ақмешіт ақшамы» газеті айқындалсын.
4. Осы қаулы Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Төраға Г.Баймурзаев
Хатшы К.Насибеков
28.10.2025 ж. №60/98 қаулысы