|
№ |
Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші-мемлекеттік органның ақпараты |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы |
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» КММ |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері |
«Қазақстан Республикасының Салық кодексі» 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Қазақстан Республикасы Кодексінің 726 бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 01-19/562 ұсыныс хатына сәйкес. |
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Жобаны қабылдау жергілікті бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді |
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы |
АСР мөлшерлемесін 4-тен 2%-ға төмендету бизнес-ахуалды жақсартуға ықпал ететін болады, салықтық жүктеме, бизнесті заңдастыру және кәсіпкерлік сектордың іскерлік белсенділігін арттыру |
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері |
АСР мөлшерлемесін 4-тен 2%-ға төмендету бизнес-ахуалды жақсартуға ықпал ететін болады, салықтық жүктеме, бизнесті заңдастыру және кәсіпкерлік сектордың іскерлік белсенділігін арттыру |
|
6 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Талап етілмейді |
|
7 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
Талап етілмейді |
|
8 |
Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) |
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды |
|
9 |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат |
Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми сайтына жарияланды |
|
10 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Талап етілмейді |
|
11 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері |
Талап етілмейді |
«Қызылорда қаласының кәсіпкерлік
және өнеркәсіп бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы М. Жетілгенов