Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 2888 қаулысы

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 01-03/1108 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мемлекеттік емес жер пайдаланушы «NazDarMed» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке меншік құқығындағы Қызылорда қаласы, Сол жағалау шағын ауданы, № 76 құрылыс мекенжайында орналасқан көлемі 3000,0 (үш мың) шаршы метр отбасылық медицина орталығы үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-086-077) жер учаскесінен қажетті көлемі 1400,0 (бір мың төрт жүз) шаршы метр бөлігін стадион құрылысына автотұрақ салу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 22 қаңтар болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қызылорда қаласының

             әкімі                                                                  Н. Ахатов

Дата публикации
23 октября 2025