Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 2887 қаулысы

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына, «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 374 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда облысы әкімдігінің «Өндіріс» индустриялық аймағын кеңейту және инфрақұрылымды дамыту мәселелері туралы» 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 09-10/4/622-и хаттамалық тапсырмасының негізінде, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меншік иесі Айтжанова Пернегулдің Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Қызылжарма ауылы, Башпай қонысы, № 36 жер телімі мекенжайында орналасқан көлемі 6,0 (алты) гектар шаруа шаруашылығын жүргізу үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-032-1321) жер учаскесін Қызылорда қаласы, «Өндіріс» индустриялық аймағын кеңейту үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 22 қаңтар болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскесінің меншік иесін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қызылорда қаласының

             әкімі                                                                  Н. Ахатов

 

Дата публикации
23 октября 2025