«Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы
18 сәуірдегі № 1800 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» заңының 37-бабына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 1800 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1-тармағының қосымшасындағы реттік нөмірі
5-қатарындағы «Маубаев Ургенишбай Жетесович» деген сөздер «Рахметалиева Калдыбике» деген сөздермен ауыстырылсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 22 қаңтар болып белгіленсін.
- Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының
әкімі Н. Ахатов