Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 2885 қаулысы

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2025 жылғы 15 тамыздағы № 04-1489 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меншік иесі Пржанов Кайрат Жулдузбаевичтің жеке меншік құқығындағы Қызылорда қаласы, Алтыбай Сағымбаев көшесі, № 94 үй мекенжайында орналасқан жалпы көлемі 4500,0 (төрт мың бес жүз) шаршы метр ғимарат құрылысы және оған қызмет көрсету үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-024-1392) жер учаскесінің қажетті көлемі 260,0 (екі жүз алпыс) шаршы метр бөлігінің астынан екі жүйелі қысымды кәріз су құбыры және ауыз су құбыры өтуіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 22 қаңтар болып белгіленсін.
  3. Жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қызылорда қаласының

             әкімі                                                                  Н. Ахатов

 

Дата публикации
23 октября 2025