«Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығының 6 тарауының, 1-тармағына сәйкес Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) жөніндегі есептің қамту аясын айқындау Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Экологиялық кодексінің 55-бабы 6-тармағында көзделген әзірлеуші мемлекеттік органның қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға құжаттарды ұсынуын қамтиды.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, «Қызылорда қаласының Бас жоспары» қала құрылысы жобасы бойынша стратегиялық экологиялық бағалаудың қамту аясын айқындау үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органына мынадай құжаттар келіп түсті:
1) «Қызылорда қаласының Бас жоспары» қала құрылысы жобасының негізгі түсіндірме жазбасы;
2) Графикалық материалдар: «Аумақты қазіргі пайдалану жоспары (тірек жоспар)» схемасы, «Бас жоспар (негізгі сызба)» схемасы;
3) Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) жөніндегі есептің қамту аясын айқындауға арналған түсіндірме жазба.
Жобалау ұйымы (әзірлеуші): «Қызылорда қаласының Бас жоспары» жобасын әзірлеуші «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
Жоба материалдарымен Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми сайтында таныса аласыз.
Қарастырылатын жобалық кезеңнің басталу және аяқталу мерзімдері:
- бастапқы жыл – 01.01.2024 ж., 01.01.2025 ж. деректерді нақтылай отырып.
- құрылыстың бірінші кезеңі - 2032 ж.;
- есептік мерзім - 2045 ж.
Ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша іс-шаралар мерзімі: 2025 жылдың 22 қазанынан бастап, 12 қарашасына дейін (ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 ж. 12 қараша)
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83
8 7076173174; 8 705-106-33-83.
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz; n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:
- электронды түрде Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);
- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz; n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
- «WhatsApp» номері: 8 707-617-31-74; 8 705-106-33-83.
СЭБ бойынша материалдар:
1) Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
2) Қызылорда қаласы әкімдігінің сайтында.