Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№32987 тіркелген) сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қызылорда қаласының әкімі                                                            Н. Ахатов

 

Дата публикации
03 октября 2025