Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 2787 қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 374 қаулысына сәйкес, сондай-ақ «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 04-9/350 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Меншік иесі Усенов Кайрат Тыштыкбаевичтің жеке меншік құқығындағы Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, № 2 А ғимарат мекенжайындағы жалпы көлемі 5381,0 (бес мың үш жүз сексен бір) шаршы метр өндірістік базасы үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-011-474) жер учаскесінен қажетті көлемі 330,0 (үш жүз отыз) шаршы метр бөлігін жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті темір жол арқылы жер асты автокөлік өткелін салу мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылғы 30 желтоқсан болып белгіленсін.

3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.

4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен    жер  қатынастары  бөлімі»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі жер учаскесінің меншік иесін немесе мемлекеттік емес жер  пайдаланушыны ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қызылорда қаласының әкімі                                                                    Н. Ахатов

Дата публикации
02 октября 2025