Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының
тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 01-03/978 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың Қызылорда қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі 54,0 (елу төрт) шаршы метр жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 2 қаңтар болып белгіленсін.
3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Қонысбек Қазантаев көшесі, № 43, № 13 кабинет болып белгіленсін.
4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі Н. Ахатов